Пікірсайыс үйірмесі
Үйірменің мақсаты: оқушыларға жүйелі дебат ойындарының ережесін түсіндіруге, оқушыларды шешендік өнерге, сауатты сөйлеуге, өз пікірін дәледі жеткізуге үйретуге бағытталған. Оқушылар мектеп лигасында жиі қолданылатын Американдық Парламенттік формат (АПФ), Карл –Поппер форматы, Линкольн-Дуглос (ЛД) форматын меңгерген.
Қатысушылар: Үйірмеге қызығушылық танытқан, таңдалып алынған мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары қатысады. Үйірме аптаның жұма-сәрсенбі күні оқушыларға пікірсайыстың қыр-сырын, ойын ойнау дағдыларын, ойынға төрешілік ету дағдыларын қалыптастыруға қызмет атқарады.
Артқарылған іс-шаралар: 2020-2021 оқу жылында мектепте тілдер апталығында, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мектепішілік пікірсайыс ойындары ұйымдастырылды.

Қатысқан іс-шаралар: Үйірменің 7-сынып оқушыларынан құралған «Абай-175» тобы 2019 жылдың 21 желтоқсанында Ұлттық Мұражайдың қолдауымен № 53 мектеп-лицейінде өткен Алтын Орда империясының 750 жылдығына арналған қалалық дебат турнирінде «БАС ЖҮЛДЕ»-ге ие болды. Құрамында: Әсен Сетер, Бексұлтан Тайсағат, Мақсұр Ерасыл.
8-сынып оқушылары: Өмірзақ Мұқағали, Қайырбек Медина, Жанболатқызы Ақнұрдан құралған командамыз 43команданың ішінен 1/6- ойындарына өтті. Аталған топтың мүшесі-Қайырбек Медина «Үздік спикер» атанса, үйірме жетекшісі- Амангазина Айгерім Ерболқызы- «Үздік төреші» атағын жеңіп алды.
Биылғы 2019-2020 оқу жылында үйірменің оқушылары Шымкент қаласында өткен Алғыс айту күніне арналған Республикалық «Ұшқыр ой алаңы» дебат конкурсына 9-сынып оқушысы- Мадиұлы Сұлтанбейбарыс, 7-сынып оқушысы Әсен Сетер қатысып 1/6- ойындарына өтті.
Үйірме оқушылары қатысып жүргендеріне 1-2 жыл болса да, жыл сайын ұйымдастырылаты мектеп лигасы турнирлеріне үзбей қатысады.
Үйірме жетекшісі: Амангазина Айгерім Ерболқызы
№9 «Зерде» мамандандырылған мектебі
Директор блогы
Сабақ кестесі
| № | Сабақ уақыты | Үзіліс |
|---|---|---|
| 1 сабақ | 08.30-09.15 | 10 мин |
| 7-9 сыныптар | Таңғы ас (09.15-09.25) |
|
| 2 сабақ | 09.25-10.10 | 10 мин |
| 10-11 сыныптар | Таңғы ас (10.10-10.20) |
|
| 3 сабақ | 10.20-11.05 | 5 мин |
| 4 сабақ | 11.10-11.55 | 20 мин |
| 7-11 сыныптар | Кітап оқу (11.55-12.15) |
|
| 5 сабақ | 12.15-13.00 | 5 минут |
| 7-9 сыныптар | Түскі ас (13.00-13.15) |
15 мин |
| 6 сабақ | 13.15-14.00 | |
| 10-11 сыныптар | Түскі ас (14.00-14.15) |
15 мин |
| 7 сабақ | 14.15-15.00 | 5 мин |
| 8 сабақ | 15.05-15.50 | 5 мин |
| 9 сабақ | 15.55-16.40 |
