Кәсіби бағдар беру

  Кәсіптік бағдар беру жұмысының 2022-2023 оқу жылына арналған жоспары


Мектебімізде Назарбаев Университетінің Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің оқытушы профессорларымен кездесу өтті. Кездесу барысында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінде баға жетпес көптеген жобалар, конкурстар, көрмелер, өнеркәсіп нысандарына бару және студенттің тар аядан кең ойлауға, шығармашылыққа, нақты өндірісті жақсы түсіну мен пайдалы тәжірбие алуға мүмкіндік беретін іс-шаралар болатының айтып, оқушыларға емтихандарға дайындық, университеттегі оқу жүйесі мен студенттік өмірлері жайында тоқталып өтті. Оқушыларымыз болашақта Назарбаев университетінің түлектері болуға тілектеспіз.

 

«Bolashaq» Қауымдастығының Кеңес мүшесі, Энергетика министрлігінің «Мұнай және газ ақпараттық-талдау орталығы» АҚ бас директоры Манкеев Мұхтар Наурызбайұлымен кездесу өтті. Кездесу барысында Мұхтар Наурызбайұлы оқушыларға жетістікке жету жолдарымен бөлісіп, білім мен ғылымға жақын болуға кеңес берді.

Кәсіптік бағдар беру бойынша келесі кездесу “Air Astana” әуе компаниясының бас ұшқышымен болды. Кездесу жоғары деңгейде өтті. Оқушылар ұшқыштарды дайындайтын Ab-initio шетелдік бағдарламасымен танысып, әр қойылған сұрақтарына жауап алды.

7-8 сыныптардың арасында “Мамандық-өмір таңдауы” атты пікір-талас кеші өтті. Мақсаты: Әртүрлі мамандықтар туралы түсініктерін қалыптастырып, оқушыларымызға болашақ мамандықты дұрыс таңдауына көмектесу, кәсіптік бағыт-бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету. Пікір-талас барысында мектептің кәсіби-бағдар беруші педагогы Байдүйсен Бауыржан Амангелдіұлы мамандық таңдауға көмектесетін “Сізге қай мамандық лайық?” деп аталатын психологиялық тестпен “Уақыттың қадірі” атты тренингін жүргізді.

 


Кәсіптік бағдар беру бойынша 2021-2022 оқу жылында атқарылған жұмыстар

Тұлғалық тестіден өт те өз мамандығыңды біл.

Тұлғалық тестіден өт те өз мамандығыңды біл

 

duNavigator жобасының таныстырылымы.
EduNavigator.kz  кәсіптік бағдарлау және мамандық таңдау қызметі  сізге кәсіби даму мен білім берудің жеке траекториясын саналы түрде жоспарлауға мүмкіндік береді. Компанияның кәсіби диагностикада жинақталған тәжірибесі, білімді бағалауының барлығы осы тестілеу алаңында студенттің қабілетін, қызығушылығы мен талантын анықтап, оны сұраныстағы мамандықтармен, атап айтқанда атлас нәтижелері арқылы кәсіби дамуына ұсыныстар береді.
Қазірдің өзінде бұл қызметте 200-ден астам келешегі бар кәсіптер қамтылған, оның ішінде “Жаңа мамандықтар атласы” жобасындағы мамандықтар да кірген және бұл алдағы уақытта да толықтырылып отырады.
Бұл платформа кәсіби диагностикалық және кәсіптік бағдар беру жұмыстарының барлық кезеңін орындауға мүмкіндік береді. Өткен жылдың соңында Павлодар облысындағы  мектептерде ірі пилоттық жобалар іске қосылып, 10 мыңнан астам оқушы өз қабілетін анықтап, мамандық таңдауға мүмкіндік алды. Осы жобалардың нәтижесінде биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында платформаны аяқтап, елдің барлық білім беру мекемелері  мен кәсіпорындарына ұсыну жоспарланып отыр.

https://www.instagram.com/p/CN9nUewp31h/

Мамандық таңдаудағы кеңестер

 

Мамандық таңдау адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі болып табылады. Бұл белгілі бір тұлғаның мінез-құлқының, ұмтылысының, тілегінің және өмір салтының айнасы. Әдетте, бұл маңызды шешім жас кезде, мектепте оқып жүрген шақта қабылданады.

Осындай маңызды шешім қабылдау оңай емес. Кейбір жағдайларда жасөспірімдерге ата-ананың жағынан қысым көрсетілуі де мүмкін. Кейде шын мәнінде не қалайтыныңды түсіну өте қиын. Сонымен мамандықты қалай таңдау керек?

1. Бейімділігіңізді ескеріңіз

Бастапқыда өз қызығушылығыңызға назар аударыңыз. Немен айналысқыңыз келеді? Қандай пәндер ұнайды? Бос уақытыңызда немен айналысқанды жақсы көресіз? Адамдармен, әсіресе, бөгде кісілермен оңай тіл табыса аласыз ба? Көптеген нәрсе сіздің бейімділігіңізге байланысты.

2. Дұрыс шешім қабылдауға тырысыңыз

Бұл таңдауды өз бетіңізше жасау керектігін саналы түрде ұғыныңыз. Ата-аналардың, достарыңыздың ықпалынан шыға алмай қалмаңыз. Олар не айтса да, бұл – тек сіздің тағдырыңыз.

3. Мамандық таңдауда өзіңіздің физикалық ерекшеліктеріңізді, кемшіліктеріңізді ескеріңіз.

Денсаулық жағдайларына байланысты тыйым салынған мамандықтар болуы мүмкін. Мұндай мамандықтар көп емес, оларға негізінде қандай да бір физиологиялық жүйеге ұзақ ауыртпалықты талап ететін мамандықтар жатады. Компьютер мамандары көздеріне, ал ұшқыштар – жүректеріне ауыртпалық түсіреді.

4. Мамандық таңдағанда оның болашағын да ескергеніңіз жөн. Себебі, технология тез дамып келе жатыр, соның салдарынан бүгін керек мамандық ертең қажетсіз болып та қалуы мүмкін. Сол себепті болашағы бар саланы таңдауға кеңес беремін.

5. Мамандардың көмегіне жүгініңіз

Егер сізде күмән туындаса, мамандардың көмегін пайдаланыңыз. Бұл ретте не мектеп психологымен, психологиялық кеңсе маманымен ақылдасуға болады.

Әлемде өзі қаламайтын мамандық иесі болып жүрген қаншама адам бар, өз жұмысын жанымен сүйіп істейтін адамдардың да саны аз емес. Мамандық таңдаудан жаңылмай, өз өміріңіздің бір кірпішін дұрыс қалауыңызға тілектеспін.

Қазақстан Республикасындағы жаңа мамандықтар мен құзыреттердің Атласы.

Мамандықты қалай анықтау керектігін білмейсіз бе, немесе сіз армандаған мамандығынызды меңгере аласыз ба? Сізге бұл мәселені шешуге Bagdar.kz көмектеседі.

 

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
Директорге сұрақ