Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес

    Заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық 06.02.2024

 

 


    Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы бұйрық 28.09.2023


2023-2026 жылдарға арналған білім беру ұйымдарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарының орындалуы бойынша есебі

Мектебімізде қаңтар айының құндылығы — адалдық. Осыған орай мектебімізде “Адалдық дүкені” өткізіліп жатыр. Баршаңызды адал болуға, сыйластыққа, өзгенің ақысын жемеуге шақырамыз!
Адалдық — адамдықтың белгісі.

https://www.instagram.com/reel/CntKK2lJ289/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

Қаңтар айының 10-ы күні мектебімізде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында TED Х форматында журналист, Хабар -24 агенттігінің тілшісі, А.Байтұрсынұлының туған топырағынан бастау алған 55 күнде 5555 шақырым  еңсерген велошабандоз, бірқатар кітаптардың авторы Ернат Мэлсұлымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында бұл шеру А.Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған халықаралық велошеру  екенін айтты. Ұлт ұстазы еліне адалдықпен қызмет етіп, дүниеден өткен Ахаңның мерейтойына арналған шерудің басты мақсаты рухани құндылықтарымызбен танысу, Қазақстанды елдерге таныстыру.

Сұхбат барысында Ернат Мэлсұлы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған велошеруінің қиындығы мен қызығы жайлы баяндап берді. Сонымен қатар “Толық адам” ілімі жайлы сөз қозғап, адам бойында болуы шарт 4 даму жөнінде тарқатып айтты. Әңгіме барысында Жандос Мақсұтұлының орындауында халық әні орындалды.

«Саналы ерде ұйқы жоқ» деген қағиданы ұстанған қонағымыз оқушыларымызды  адал болуға шақырды.

https://www.instagram.com/reel/Coc7P-aOdSp/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

8.02.2023 күні Мектебімізде Адалдық айы аясында белгілі қаламгер, №1 қонаевтанушы, “Таңғажайып Қонаев” кітабының авторы Ораз Қауғабаймен “Қонаевтың 12 қасиеті” тақырыбында сұхбат өтті. Қонағымыз шара барысында кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, үш мәрте Социалистік еңбек ері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев жайында кеңінен әңгімеледі. Шараның басында оқушыларымыз тарих пәнінің мұғалімі Мира Тохтаухақызының ұйымдастыруымен ұлт жанашыры жайлы дайындаған слайдтарымен бөлісті. Әсіресе қоғам қайраткерінің, ұлт бойындағы еліне, ісіне деген адалдығын кеңінен тарқатып айтты. Шараның тартымды өткені соншалық оқушылар тарапынан көптеген сұрақтар қойылып, мардымды жауап алынды.
Қонағымыз Ораз Қауғабай оқушыларымыздың ерекше зейіні мен білімге құмарлығын аңғарып, жоғары бағасын берді.

Аталмыш шараның басты мақсаты Д. Қонаевтың бойындағы адалдық қасиеті туралы мағлұмат бере отырып, жасөспірімдер бойына сіңіру.

https://www.instagram.com/p/CoZCV4kqLoH/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

7.03.2023 Мектебімізде бірыңғай адалдық сағаттары өткізілді . Басты мақсаты оқушыларға өмірде ата-анаға, досқа адал болабілу, әр адамныың адал ісі мен адамдығы ең басты құндылық екенін түсіндіру. 11 а сынып жетекшісі А.Катепбай еліне адал еңбек еткен  ардагер ұстазымыз Ғалия Шүкенқызымен кездесу сұхбат өткізді. Кездесу барысында өзі атқарып отырған қызметке деген адалдықтың маңыздылығын баса айтты.

10 ә сынып жетекшісі Салтанат Бүркітқызы «Адалдық -ардың ісі « тақырыбында дискуссия сабағын өткізді. Дискуссия барысында оқушылар адалдық ұғымын жан жақты ашып, өмір бойы адалдықпен қызмет атқарған шетелдік, қазақстандық танымал адамдардың жүріп өткен жолдарын мысал ете отырып, әртүрлі ойпікірлерін алға тартты.

7.04.2023 Мектебімізде Зерде дебат клубының кезекті ойыны өтті. Ойын британдық форматта өтті. Аталған командаларға  Жемқорлықсыз Қазақстан. Жемқорлықты жеңугебола ма? Деген сұрақ тасталды. Осы ойындажемқорлықты жеңуге болмайды деген пікірге тоқталып, 8-сынып командасы жеңіске жетті.

https://www.instagram.com/reel/ClXliDsIJ4i/?utm_source=ig_web_copy_link&igshid=MzRlODBiNWFlZA==

 


СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС


Құрметті ата-аналар!

Астана қаласы білім басқармасына қарасты N9 “Зерде” мамандандырылған мектебінде сыйлық алуға, мектептің жөндеу жұмыстарына,
санитарлық заттарын, шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан және ата-аналар комитеті атынан ақша жинауға және бітіруші 9, 11 сыныптардан ақша жинауға қатаң түрде тыйым саламыз!
Мектепте қандай да бір ақша жинау фактілерін байқасаңыз, міндетті түрде хабарласыңыз!

Құрметпен, мектеп директоры Аманов Нұрбек Камбарбекович
Байланыс телефоны: 50-18-01


Ата-аналардан заңсыз ақша жинауға тыйым салу туралы 21.09.2022


Астана қаласы әкімдігінің “№9 “Зерде” мамандандырылған мектебі” КММ, ішкі талдау жұмыстары 2020 жылғы 11 қарашадағы №135 бұйрығы негізінде, “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасы заңына 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-VЗРК Заңына, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

  Талдамалы анықтама сыбайлас жемқорлық

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) төрағасының 2020 жылғы и28 қаңтардағы №22 бұйрығы негізінде

Тақырыптық мониторинг сыбайлас жемқорлық

        

              

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
Директорге сұрақ