Қосымша курстар

МАТЕМАТИКА ҮЙІРМЕСІ

Бағдарламаның мақсаты:
1. Тұлғаны жетілдіру, жас өспірімдердің ой қабілетін жетілдіруге шығармашылықпен білім игеру технологиясы мен математика пәнінің қолданылмай келген мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы рухани жағынанан жетілген, ой өресі кең болашақ қоғам иелерін тәрбиелеу.
2. Математика, Ой дамыту пәндерінің мазмұндарын үйлестіре отырып, жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін, математикалық дарынын жетілдіру.

Робототехника үйірмесі

Үйірменің мақсаты – робот техникасы негіздерімен танысу, әртүрлі есептерді шығару үшін роботтардың үлгілерін әзірлеу, оларды жасау техникасын бағдарламалауды және роботтар құрастыруды үйрету. Робототехника үйірмесінде оқушылар робот жасауға қажетті екі платформада оқытылады. Білім алушылардың инженерлiк, конструкторлық, шығармашылық қабілетін арттыруға мүмкіндік беретін әр түрлі деңгейлі  LEGO® MINDSTORMS® EV3 оқу конструкторлары, Arduino жинағы пайдаланылады.

Осы үйірмеде білім алған оқушылардың жаңа технологияларды жобалау ісіне қызығушылығы артып, өз бетінше білім алуына мүмкіндік береді, жоғары оқу орны деңгейіндегі іргелі ғылым және инженерия саласында білімін жетілдіруге дайын болуына ықпал етеді.

Пікірсайыс үйірмесі

Үйірменің мақсаты: оқушыларға жүйелі дебат ойындарының ережесін түсіндіруге, оқушыларды шешендік өнерге, сауатты сөйлеуге, өз пікірін дәледі жеткізуге үйретуге бағытталған. Оқушылар мектеп лигасында жиі қолданылатын Американдық Парламенттік формат (АПФ), Карл –Поппер форматы, Линкольн-Дуглос (ЛД) форматын меңгерген.

Қатысушылар: Үйірмеге қызығушылық танытқан, таңдалып алынған мектебіміздің 8-10 сынып оқушылары қатысады. Үйірме аптаның жұма-сәрсенбі күні оқушыларға пікірсайыстың қыр-сырын, ойын ойнау дағдыларын, ойынға төрешілік ету дағдыларын қалыптастыруға қызмет атқарады.

Артқарылған іс-шаралар: 2020-2021 оқу жылында мектепте тілдер апталығында, 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай мектепішілік пікірсайыс ойындары ұйымдастырылды.

ВОЛЕЙБОЛ ҮЙІРМЕСІ

Мақсаты:

Волейболдан мектеп құрама командасын құру және дамыту

Міндеттері:

1.Оқушылардың волейбол үйірмесіне қызығушылықтарын арттыру.

2. Спорттық іс-шараларға жиі қатыстыру

3.Салауатты өмір салтын нығайту.

4.Арнайы дене қуаты дайындығын дамыту.

5. Волейбол ойынының техникасы мен тактикасын үйрету.

Баскетбол – жасөспірімдерді қызықтыратын, көптік спорт түрі. Оның ерекшелігі – ол әр түрлі қозғалысқа бай. Баскетбол ойнау үшін жылдам жүгіру, жүгіру бағытын мен жылдамдығын ауыстыру, күшті, екпін және төзімді болу керек.

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
Директорге сұрақ