Құрметті ата-аналар және оқушылар! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2021-2022 оқу жылына мамандандырылған білім беру ұйымдарына оқуға құжаттар қабылдауды жүзеге асырады.

Құжаттарды онлайн – тіркеу және қабылдау 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында тіркелу және құжаттар қабылдау сілтемесі бойынша өтеді.

Сонымен бірге, баланың ата-анасы/заңды өкілі 2021 жылғы 1 наурыз бен 25 сәуір аралығында таңдалған мамандандырылған білім беру ұйымында тіркеуден өте алады.

Тіркеу кезінде қажетті құжаттар:

  1. баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен өтініш (үлгі бойынша);
  2. ЖСН көрсетілген үміткердің туу туралы куәлігінің көшірмесі;
  3. үміткердің оқу орнынан ұйымның мөрімен расталған фотосуреті бар анықтамасы;
  4. баланың сандық фотосуреті.

*Барлық құжаттар PDF немесе JPEG форматында қабылданады.
Жеке, жүктелетін файлдың өлшемі 2 МБ аспауы тиіс. (Мегабайт)

Конкурстық іріктеу 1-20 маусым аралығында өткізіледі.
Өткізу формасы: тестілеу (офф-лайн).

Конкурс әр өңірде бекітілген тірек мектептерде өтеді.

5-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 40 сұрақ:
математика және логика – 30 сұрақ;
оқу сауаттылығы – 10 сұрақ.
5- сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 60 минут.
6-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 60 сұрақ:
математика және логика – 35 сұрақ;
оқу сауаттылығы- 15 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
6-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 90 минут.
7-сыныпқа түсушілер үшін – келесі пәндер бойынша 75 сұрақ:
математика және логика-55 сұрақ;
оқу сауаттылығы-10 сұрақ;
Қазақстан тарихы-10 сұрақ.
7-сыныпқа тестілеуге бөлінген уақыт – 120 минут.

Тестілеу тапсыру тілі: қазақ/орыс
Конкурстық іріктеудің барлық тест тапсырмалары логикалық сипаттағы тапсырмаларды қоса алғанда, өткен жылдардың оқу бағдарламалары негізінде жасалады.

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
0
Оставьте вопрос!x
()
x
Директорге сұрақ