Зерде мектебіне 15 жыл толуына орай, BILIM AINASY РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ГАЗЕТІНЕ мақала жарияланды.

BULIM AINASY РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТАНЫМДЫҚ ГАЗЕТІНЕ «Зерде» дарынды оқушылар деген тақырыпта, Зерде мектебінің 15 жыл  толуына орай мақала жарияланды. 

              Бүгінгі таңда ашылғанына 15 жыл толып отырған №9 «Зерде» мамандандырылған мектебі республикаға танымал, білім мекемелері арасында алдыңғы қатардан көрініп отырған оқу ордасы. Ашылғаннан бері «Зерде» мектебі Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері арасында білім сапасы жөнінен алдыңғы қатарда келе жатыр. ҰБТ-дан бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылды. 2012 жылы білім беруде жоғары сапа, үлгілі педагогикалық шеберлік, шығармашылық ізденіс, оқыту мен тәрбиелеуде қол жеткен табыстары үшін мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталды. 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылды. 2013-2014 оқу жылы «ҰБТ2014» қорытындысы бойынша мектеп түлектері орташа 112,9 жоғары ұпай жинап, Республика көлемінде он үздік мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды иеленіп, мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды. 

Мақаланы оқу, 8-9 бет

 

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
0
Оставьте вопрос!x
()
x
Директорге сұрақ