7-сыныпқа (7 орын) қосымша қабылдау үшін конкурс жариялайды.
Ата-аналар назарына!!!
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№ 9 «Зерде» мамандандырылған коммуналдық мемлекеттік мекемесі» халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын отбасылардың балаларын 7-сыныпқа (7 орын) қосымша қабылдау үшін конкурс жариялайды.
Қабылданған білім алушылардың жалпы санынан 15% мөлшерінде іріктелетін халықтың әлеуметтік осал топтарына:
● мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алатын ауылдық жерден шыққан отбасының балалары;
● ата-аналарының біреуі бірінші топтағы мүгедектігі бар отбасының балалары;
● мүгедек баласы бар немесе оны тәрбиелеп отырған отбасылар;
● жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
● отбасыларда тұратын жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
төтенше жағдайлар салдарынан шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардан шыққан балалар;
● экологиялық зілзалалар, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай салдарынан тұрғын үйінен айырылған отбасыларының;
● мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді, әскери қызметті атқарған кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуға дайындалу немесе жүзеге асыру кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасыларының балалары жатады.
Мәртебесін растайтын құжаттар түпнұсқада болуы тиіс.
Құжаттарды 16-23 тамыз аралығында мектепке келіп тапсыру керек.
Конкурс 2022 жылдың 24 тамызында өтеді.
Конкурсқа қатысты сұрақтар бойынша 8 7172 50 18 01 телефонына хабарласыңыз.
Сауле Жанболатқызы: 8708 311 95 89
Конкурс өтетін орын: Нұр-Сұлтан қаласы Сарыарқа көшесі, 20
Директор блогы
Сабақ кестесі
№ | Сабақ уақыты | Үзіліс |
---|---|---|
1 сабақ | 08.30-09.15 | 10 мин |
7-9 сыныптар | Таңғы ас (09.15-09.25) |
|
2 сабақ | 09.25-10.10 | 10 мин |
10-11 сыныптар | Таңғы ас (10.10-10.20) |
|
3 сабақ | 10.20-11.05 | 5 мин |
4 сабақ | 11.10-11.55 | 20 мин |
7-11 сыныптар | Кітап оқу (11.55-12.15) |
|
5 сабақ | 12.15-13.00 | 5 минут |
7-9 сыныптар | Түскі ас (13.00-13.15) |
15 мин |
6 сабақ | 13.15-14.00 | |
10-11 сыныптар | Түскі ас (14.00-14.15) |
15 мин |
7 сабақ | 14.15-15.00 | 5 мин |
8 сабақ | 15.05-15.50 | 5 мин |
9 сабақ | 15.55-16.40 |