Байулова Гүлназия Сабырқызын ҚР Президентінің жарлығымен «Педагог мәртебесі туралы» заң негізінде алғаш рет жүзеге асып жатқан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағымен  құттықтаймыз!

        Байулова Гүлназия Сабырқызын ҚР Президентінің жарлығымен «Педагог мәртебесі туралы» заң негізінде алғаш рет жүзеге асып жатқан «ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҰСТАЗЫ» құрметті атағымен  құттықтаймыз!

    Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің 20-дан астам мұғалімдері білім беру саласына сіңірген айрықша еңбегі үшін мемлекеттік наградамен марапатталды.

   2021 жылдың 18 наурызы күні  ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтан қаласының № 9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің мұғалімі Гүлназия Байуловаға «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағын табыс етіп, атқарған қызметіне алғыс білдірді.

    Гүлназия Сабырқызы №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің география пәнінің мұғалімі, біліктілік санаты — «педагог-шебер», директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары. Білім саласында 40 жылдан аса уақыт қызмет атқаруда.

   Бүгінгі күнге дейін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Құрмет» грамотасы, «Географиядан республикалық атаулы  мектептің 25 жыл мерейтойлық»  медалі, «Дарын» республикалық ғылыми- практикалық орталығының «Құрмет» грамотасымен және басқа да ұйымдардың алғыс хаттарымен марапатталған.

      Гүлназия Сабырқызы мектептің оқу-тәрбие, әдістемелік жұмыс жүйесін басқаруда өзіндік стилі қалыптасқан білікті менеджер. Оқушылардың сапалы білім алуын басты назарда ұстап,  «Зерде» мектебінің  Нұр-Сұлтан қаласы мен Республика көлемінде жоғары деңгейге жетуіне, Нұр-Сұлтан қаласы білім беру мекемелері арасында ҰБТ-дан бірнеше жыл қатарынан  бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 оқу жылы Республика  бойынша  «Үздік 100 мектеп» қатарына, 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылуына өз үлесін қосып, ҰБТ дайындықтарын жіті қадағалап, біліктілігімен, ұйымдастыру қабілетімен жоғары көрсеткішке ие болатыны кәсібилігінің дәлелі.

     2005-2020 оқу жылдарының 15 жыл аралығында  білім алған 463 түлектің 98-і  «Алтын белгіге» бітіріп, оның ішінде: 91 түлек Халықаралық Назарбаев Университетіне, 66-сы дүниежүзінің беделді университеттеріне, 30 түлек Мәскеу Мемлекеттік Университетіне, ал қалған 287 түлектер еліміздің беделді ұлттық университеттерінің  грантын иеленуіне өз үлесін қосқан.

«Зерде» мектебі 2009-2020 оқу жылдарының Республикалық пән олимпиадасы, ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары төмендегідей жүлделерге  қол жеткізді:

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы, (республикалық) кезеңі- 97 орын,

Республикалық ғылыми жобалар конкурсы, (қалалық) кезеңі – 375 орын,

Республикалық пән олимпиадасының  (республикалық) кезеңі – 179 орын,

Республикалық пән олимпиадасының (қалалық) кезеңі – 584 орын.

   №9 «Зерде» мамандандырылған мектебінің  оқушылары Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында жоғары жетістіктер көрсетуде.

     Халықаралық олимпиада жүлдегерлер саны- 31 орын,

     Халықаралық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздар саны – 33 орын.     

     2017-2018 оқу жылының мектеп түлегі Сарбақыш Нұрәлі әлемнің 9 университетінің грантын  иеленіп, шақырту алды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында білім алуда.

      Гүлназия Сабырқызы  ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне бағыт беріп, еңбек етуде.  

      2009-2020 жылдары республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауы – 8 орын, 2009-2020 жылдары  республикалық «Инновациялық-педагогикалық идеялар» фестивалі – 9 орын,  2009-2020 жылдары  республикалық «Талантты ұстаз-дарынды оқушыға» педагогикалық олимпиада конкурсы – 8 орын, 2009-2020 жылдары қалалық  «Жыл мұғалімі» байқауы- 8 орын,  2009-2020 жылдары республикалық «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы- 3 орын.

     Педагогтардың  біліктілік санаттарын жаңа үлгідегі  аттестаттау қорытындысы бойынша: «Педагог-шебер» саны-12, «Педагог-зерттеуші» саны- 12, «Педагог- сарапшы» саны – 4, «Педагог-модератор» саны – 4.  Еңбек етіп жатқан 40 педагогтың сапалық құрамы-78% құрайды, мамандандырылған мектеп статусына сай келеді.

      Гүлназия Сабырқызы дарынды оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуде өзіндік сара жолы бар, күш-жігері мен ізденісі мол, кәсіби шеберлігі шыңдалған, беделді де білікті маман екенін атап өткен жөн.

      Гүлназия Сабырқызын «Зерде» мектебінің  ұжымының атынан марапатымен құттықтай отырып, қызметіне толағай табыстар тілейміз!

 

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
Директорге сұрақ