Мектеп туралы
Астана қаласы №9 «Зерде» мамандандырылған лицейі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың дарынды балаларға және жастарға арналған мектептер мен мекемелердің аясын кеңейту және қолдау туралы Жарлығын іске асыру мақсатында 2005 жылғы
1 қыркүйекте Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ашылды.
Лицейдің негізгі бағыты – математика, физика пәндерін тереңдетіп оқыту. Лицейде 7-11 сынып оқушылары білім алады.
2005 жылы 216 оқушымен басталған лицей контингенті бүгінгі таңда 330 оқушыға жетіп отыр. Олимпиада, ғылыми жобалар сайысы қазіргі таңда 75% көрсеткішті құрайды. Мұғалімдердің сапалық құрамы педагог-шебер, педагог-зерттеуші деңгейіне дейін жетіп, біліктіліктері артып, 78% көрсеткішке жетті.
Сонымен қатар Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы-1, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері – 2, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері – 4, ғылым докторы -1, ғылым кандидаты –3, республикалық «Үздік педагог-2015» төсбелгі иегері-1, республикалық «Үздік педагог-2019» төсбелгі иегері – 1, докторант педагогтар-2, магистр педагогтар-18 еңбек етеді.
Мектеп ашылғаннан бері 15 жыл бойы Астана қаласы білім беру мекемелері арасында ҰБТ-дан бірінші орынды иеленіп, 2009-2010 жылы Республика бойынша «Үздік 100 мектеп» қатарына қосылса, 2014-2015 оқу жылы Республикалық мамандандырылған білім беру мекемелері арасында «Үздік 10 мектеп» қатарына қосылды. 2013-2014 оқу жылы «ҰБТ-2014» қорытындысы бойынша Республика көлемінде 10 үздік мамандандырылған білім беру ұйымдары арасында 1 орынды иеленіп, мектеп ұжымы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2005-2020 оқу жылдары аралығында мектебімізден білім алған 463 түлектің 98-сы «Алтын белгіге» бітіріп, 61-і дүниежүзінің беделді университеттеріне оқуға түсті. Мектеп тарихында 85 оқушы Назарбаев Университетінің грантын иеленді. 2019-2020 оқу жылындағы 53 түлектің
14-і НУ-нің студенті атанып, мектеп мәртебесін асқақтатты.
2005-2020 ж.ж Республикалық пән олимпиадасына, ғылыми жобалар конкурсының жеңімпаздары қатысқан оқушылардың 50%-ы жүлделі орындарға ие болды. Халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысында да жоғары нәтиже көрсетіп келеді.
Халықаралық деңгейде нәтиже көрсеткен оқушылар үлесі 40 % құрайды. Мектеп түлегі Аманкелдин Әкежан VІІІ Халықаралық Жәутіков олимпиадасының (ХЖО) «Күміс медаль», XІ Батыс-Қытай математикалық олимпадасы және «Алтын медаль» иегері.
Мейрам Серікболсын Халықаралық «Туймаада-2107» олимпиадасының «Алтын медаль», Иран олимпиадасы- «Қола медаль», Халықаралық XIV Жәутіков олимпиадасы- «Қола медаль», Сұлтанғазин атындағы халықаралық математикалық олимпиада-2018- І орын иегері, халықаралық «Азия-Тынық мұхит» олимпиадасы мен «Жібек жолы» олимпиадасы-«Қола медаль» және «Үздік аттестат» иегері.
2020-2021 оқу жылында мектеп бітіргелі отырған түлегіміз «Алтын белгі» үміткері Уалиева Дильназ Халықаралық «Иран геометриялық олимпиадасы» Қола медаль 2018 ж., Халықаралық «Иран геометриялық олимпиадасы» Қола медаль 2019 ж., математикадан Халықаралық «EGMO қыздар олимпиадасы» Украина-Киев, Қола медаль 2019 ж., Халықаралық математикадан «EGMO қыздар олимпиадасы» Голландия, Алтын медаль 2020 ж., «Халықаралық Азия Тынық Мұхиты елдері олимпиадасы» Қола медаль 2020 ж., математикадан Халықаралық «CIMC» олимпиадасы Қытай Халық Республикасы, Қола медаль 2020 ж. бірнеше рет халықаралық олимпиада жүлдегері атанып, еліміздің және «Зерде» мектебінің атын әлемге паш етті.
2017-2018 жылғы түлегіміз Сарбақыш Нұрәлі әлемнің 9 университетінің грантын иеленіп, шақырту алды. Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының Шанхай қаласында білім алуда.
Бұлар мектеп тарихында аттары алтын әріппен жазылатын оқушылар.
Еңселі Елордамызбен қарыштап өркениетке қадам басып келе жатқан «Зерде» мектебі – 15 жылдық тарихында елдегі білім деңгейін көтеруде бірден – бір дараланған білім ордасы.
Директор блогы
Сабақ кестесі
№ | Сабақ уақыты | Үзіліс |
---|---|---|
1 сабақ | 08.30-09.15 | 10 мин |
7-9 сыныптар | Таңғы ас (09.15-09.25) |
|
2 сабақ | 09.25-10.10 | 10 мин |
10-11 сыныптар | Таңғы ас (10.10-10.20) |
|
3 сабақ | 10.20-11.05 | 5 мин |
4 сабақ | 11.10-11.55 | 20 мин |
7-11 сыныптар | Кітап оқу (11.55-12.15) |
|
5 сабақ | 12.15-13.00 | 5 минут |
7-9 сыныптар | Түскі ас (13.00-13.15) |
15 мин |
6 сабақ | 13.15-14.00 | |
10-11 сыныптар | Түскі ас (14.00-14.15) |
15 мин |
7 сабақ | 14.15-15.00 | 5 мин |
8 сабақ | 15.05-15.50 | 5 мин |
9 сабақ | 15.55-16.40 |