ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ ҚАЖЕТ
ДИРЕКТОРДЫҢ ТӘРБИЕ ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
– 1 штаттық бірлік
Негізгі функционалдық міндеттері: Білім беру ұйымының қызметін перспективалық болжауды және ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады.
– Оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік психологиялық қамтамасыз етілу жағдайын талдайды.
– Педагогтердің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен жоспарларының орындалуын, сондай-ақ қажетті оқу, оқу-тәрбие, оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеу жұмыстарын үйлестіреді.
– Білім беру үрдісінің сапасына және жалпы білім беру стандарттарының шеңберінде білімді меңгеру нәтижесінің объективтілігіне бақылау жасайды.
– Оқу-тәрбие үрдісінің ұйымдастырылуын, оқу үрдісіне қазіргі заманғы жаңа технологияның енгізілуін қамтамасыз етеді.
– Білім алушыларға ағымдағы және қорытынды аттестаттау, мемлекеттік аралық бақылау және тестілеу өткізуді ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.
– Білім алушылардың оқу жүктемесіне бақылау жасап, сабақтардың кестесін және басқа да оқу қызметінің түрлерін құрады.
– Білім беру ұйымдарының оқу үрдісін жетілдіру мақсатында, пәндік әдістемелік бірлестіктер және эксперименттік жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады, оқу-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етуді ұйымдастырады.
-.Белгіленген есеп құжаттамасының сапалы және уақытылы жасалуын қамтамасыз етеді.
Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
және (немесе) білім беру ұйымының “үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” немесе “бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары” біліктілік санатының болуы не “педагог – сарапшы” біліктілігінің болуы немесе “педагог – зерттеуші” немесе “педагог – шебер” біліктілігінің болуы.
Арнайы мектеп, мектеп-интернат, арнайы мектеп-колледж, “балабақша-мектеп” арнайы кешені басшысының орынбасары (директоры) үшін:
“Арнайы білім” (“Дефектология”) бағыты бойынша жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) педагогикалық білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 5жыл, оның ішінде педагогикалық өтілі соңғы 2 жыл;
және (немесе) педагогтің бірінші немесе жоғары біліктілік санатының, педагог – сарапшының немесе педагог – зерттеушінің немесе педагог – шебердің біліктілік санатының болуы.
Конкурс өткізілетін орын: Астана қаласы әкімдігінің № 9 «Зерде мамандандырылған лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Мекеменің мекен-жайы: Астана қаласы, Сарыарқа 20, Анықтама байланыс телефоны: 50-18-01, zerde07@mail.ru
Құжаттарды қабылдау мерзімі 23.10.2023-31.10.2023 жж. аралығы
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы;
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).
Директор блогы
Сабақ кестесі
№ | Сабақ уақыты | Үзіліс |
---|---|---|
1 сабақ | 08.30-09.15 | 10 мин |
7-9 сыныптар | Таңғы ас (09.15-09.25) |
|
2 сабақ | 09.25-10.10 | 10 мин |
10-11 сыныптар | Таңғы ас (10.10-10.20) |
|
3 сабақ | 10.20-11.05 | 5 мин |
4 сабақ | 11.10-11.55 | 20 мин |
7-11 сыныптар | Кітап оқу (11.55-12.15) |
|
5 сабақ | 12.15-13.00 | 5 минут |
7-9 сыныптар | Түскі ас (13.00-13.15) |
15 мин |
6 сабақ | 13.15-14.00 | |
10-11 сыныптар | Түскі ас (14.00-14.15) |
15 мин |
7 сабақ | 14.15-15.00 | 5 мин |
8 сабақ | 15.05-15.50 | 5 мин |
9 сабақ | 15.55-16.40 |