Оқушыларға нұсқаулық

 


 


Тұмау дегеніміз не?

Тұмау – бұл вирус, өткір респираторлық инфекция, яғни тыныс алу жолдарының ауруы. Тұмау вирусы жұқпалы және адам ағзасына түссе өршіп кетуі мүмкін.

Тұмау вирусының белгілері:

  • дене температурасы көтеріледі– 39 ° C және одан жоғары;
  • дене қалтырайды;
  • әлсіздік пайда болады;
  • бұлшықеттер мен буындар ауырсынады;
  • бас ауырады;
  • көзден жас ағады;
  • адам жарыққа сезімтал болады;
  • тамақтың ауырады;
  • құрғақ жөтел пайда болады;
  • мұрыннан су ағады.

Тұмаудың даму себептері

Аурудың себебі – жоғарғы тыныс жолдарының шырышты қабығының тұмау вирусымен зақымдануы. Инфекцияның (аурудың) көзі тұмауға шалдыққан адам. Ауырған адам басқаларға  жөтел, түшкіру арқылы жұқтырады. Вирус сонымен бірге тұрмыстық заттар арқылы – майлық, тамақ  арқылы да жұғады.

Тұмауды емдеу және ауруды жеңілдету

Тұмауды емдеу күрделі, бірақ иммун жүйесі тұмаумен күресуде және денені қалпына келтіруде үлкен рөл атқарады. Сондықтан иммунитетті күшейту маңызды.  Терең демалу, көп сұйықтық ішу. Тұмау кезінде антибиотиктер ішу тиімсіз. Антибиотиктер тек екінші реттік бактериялық аурулар болған жағдайда ғана тағайындалады.

Тұмаудың асқынуы

Тұмау вирусы тыныс алу жолдарының эпителий жасушаларына әсер ететіндіктен, аурудың асқынуы бактериялық ауруларға, соның ішінде бронхит, пневмония (өкпенің қабынуы), отит (құлақтың қабынуы) сияқты аурулардың өршуіне себеп болады. Жалпы,  тұмау науқастың созылмалы ауруларын күшейтуі мүмкін.

Тұмаудың алдын алу шаралары

Тұмаудың алдын-алудың тиімді әдісі – иммун жүйесін жыл бойы бабында ұстау.

 Иммунитетті күшейтудің әртүрлі әдістері бар, соның ішінде:

  • спортпен айналысу;
  • белсенді өмір салты;
  • дұрыс және уақытылы тамақтану;

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/Zdorove/63485/


Қысқы демалыс кезіндегі тәртіп ережелері
1. Мұздағы қауіпсіздік ережелерін сақта.
2.Құлау мен жарақат алмау үшін мұздан сақ болыңыз.
3. Шатырларынан қар мен мұз ілулі тұрған ғимараттардың жанында ойнамаңыз.
4. Көшеде, жолдан өту кезінде абай болу керек, орманда, өзенде серуендеу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.
5.Мұзда абай болыңыз. Қалыңдығы 15 см-ге дейінгі мұзға шықпаңыз.
6. Шана, коньки, шаңғы тебу кезінде абай болыңыз.
7. Ауа температурасы өте төмен болған кезде, терінің қатып қалуын болдырмас үшін серуендеуге шықпаңыз.
8.Өз денсаулығыңызға қамқорлық жасау керек; тұмау мен суыққа қарсы алдын-алу шараларын жүргізу;
9.Сағат 22.00-ден кейін ересектердің қарауынсыз көшеде жүруге ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!!

 


 Балалар электр жарақаттары және олардың алдын алу 

Сыртқы факторлардың әсерінен адам ағзасындағы зақымданулар, біз бір сөзбен – жарақат деп атаймыз.

Балалардың жарақаттануы – бұл ата-ананың да, баланың да өмірін түбірімен өзгерте алатын үлкен проблема.

Статистика бойынша жарақат негізінен кіші мектеп жасындағы (7-11 жас) балаларда болады. Ұлдардың жарақаттары қыздарға қарағанда әлдеқайда жиі (70%) болады.

Жарақаттар үш жастан асқан балалар өлімінің басты себептерінің бірі болып табылады. Әлемде әр түрлі инфекцияға қарағанда жазатайым оқиғалардан көп бала өледі.

 


ТЕРРОРИЗМ АКТІСІНІҢ ҚАУІПІ ТУЫНДАҒАН НЕМЕСЕ ТЕРРОРИЗМ АКТІСІ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ ӘРКЕТТЕР ТУРАЛЫ ЖАДНАМА

 


 

«№ 9 Зерде мамандандырылған мектебі» КММ
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕЛЕРІ

Директор блогы

Сабақ кестесі

Сабақ уақыты Үзіліс
1 сабақ 08.30-09.15 10 мин
7-9 сыныптар Таңғы ас
(09.15-09.25)
2 сабақ 09.25-10.10 10 мин
10-11 сыныптар Таңғы ас
(10.10-10.20)
3 сабақ 10.20-11.05 5 мин
4 сабақ 11.10-11.55 20 мин
7-11 сыныптар Кітап оқу
(11.55-12.15)
5 сабақ 12.15-13.00 5 минут
7-9 сыныптар Түскі ас
(13.00-13.15)
15 мин
6 сабақ 13.15-14.00
10-11 сыныптар Түскі ас
(14.00-14.15)
15 мин
7 сабақ 14.15-15.00 5 мин
8 сабақ 15.05-15.50 5 мин
9 сабақ 15.55-16.40
Директорге сұрақ